Облыс орталығында жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жазғы шаңғы жарысы өтіп жатыр. Шаңғы роллерімен өтетін чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен ұлдар мен қыздар жиналды.

Павлодарда өтіп жатқан бұл шаңғы сайысы елімізде дәстүрге айналған. Биыл 12 өңірден 320-дан астам спортшы бақ сынауда. Бүгін қатысушылар кросс жарысында сынға түсті. Қашықтық жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. Жарыс ойлы-қырлы жерлерде өтіп жатқандықтан, қатысушылардан тек төзімділік емес, жақсы үйлесімділік пен қозғалыс координациясы да талап етіледі. Алматы облысынан ат терлетіп келген спортшылар Павлодар өңірінде жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Олжас Садықов, жаттықтырушы

Алматы облысынан 3 команда келіп отырмыз. Барлығы 10-12 бала. Бұл жылда өтетін дәстүрлі жарыс. Қыста чемпионат Қазақстан бар. Ол да Павлодар қаласында өтеді. Павлодардың трассасы бәрі жақсы. База салып берді. Қыстың күні де қолайлы болды. Өзімізге Павлодар қаласында өткен жарыстар ұнайды.

Кіші топ қатысушылар 2 шақырым, ал 15-16 жастағы спортшылар 4 шақырым жүгірді. 16 жастағы Арман Ержан Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының спорт интернатында оқиды. Осы спорт түрімен айналысқанына 4 жыл болды.

Арман Ержан, қатысушы

Өзіме осы спорт ұнады. Жақты басқа спорт түріне қарағанда. Жүрегіме жақсы қабылдадым. Осы спортқа келуіне себеп болған досым бар. Досым осы спортқа жетелеп әкелді. Ерекшелігі көп.

Алматы облысынан келген шаңғышы Бауыржан Айдарбекұлы бүгін өткен кросс жарысында үздік нәтиже көрсетті.

Бауыржан Айдарбекұлы, қатысушы

Осы шаңғы спортымен айналысып келе жатқаныма 8 жылдан 2 ші рет келуім. Қысқы түрінде жақсы нәтеже кеөрсеттім. Бүгін кросс жарыс 4 шақырымға. Спорттың жақсы жаманы жоқ. Шаңғы спорты өкпеңді. Жалпы дене бітімің түгел қозғалады. Қолың аяғың. Басқа спортқа қарағанда. Бүкіл денең жұмыс істейді. Сол арқылы мықты боласың.

Жарыс 30-ші шілдеге дейін жалғасады. Жас ерекшеліктеріне бөлініп ұйымдастырылады. Негізгі бәсеке ертең басталады. Айта кетейік келесі жасөспірімдер арасындағы шаңғы чемпионаты Қостанай облысында өтеді.

Әйгерім Тоқпанқызы