Сарышұнақ аяз басталғалы облыс орталығының көшелері тұтастай мұз айдынына айналғандай. Салдары айтпаса да түсінікті. Соңғы күндері травмотологиялық орталыққа түсетін науқастар саны күрт өсті. 20 күн ішінде мыңнан астам адам жарақат алған.
Қалалық аурухананың травматология бөліміне осы аптаның 5 күнінде 205 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Біреуі құлап аяғын сыңдырып алса, енді бірі қол аяқтарын қайырып немесе сіңірін созып алған. Бұл адамдардың көбі аула ішінде немесе дүкен мен дәріхана аймақтарында құлап, денесіне зақым келтірген.
Қажен Ыдырысов, травматолог дәрігері:
Біздің жарақаттану пунктіне жыл басынан 1001 адам көрінді, келіп қабылдадық. Соның ішінде осы аптада байқағанымыз 50 пайызға дейін адамдар саны көбейіп кетті жарақаттың. 5 күннің ішінде түске дейін 205 адам осы жұмада келді. Оның ішінде қнадай жарақат түрі десек, аяқ қол, тобық сынады. Білек сынады.
Қаланың аула ішілік аймақтарындағы тазалықты коммуналдық қызметтер жүргізуі тиіс. Бұл үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Тұрғын үй секторының тазалығы ақсап тұр. Қала халқы жүріп-тұру қиынға соғатынын айтады.
Бауыржан Аралов, ТҮКШ жол инфрақұрылымы секторының меңгерушісі
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығымен қалада тратуарларды тазалау жұмыстары атқарылуда. Күніне шамамен 8-9 тоннадай полигонға қар шығарылады. Тәулік бойынша күн сайын 170 техника шығады. 200 адам жұмыс істейді.
Қыс мезгілі кезінде коммуналшылар полигонға 260 мың тонна қар шығарды. Күн сайын қала көшелеріне көктайғаққа қарсы материал себіледі.
Әйгерім Тоқпанқызы