Халыққа қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар жетерлік. Оқу орнын аяқтаған жас маманнан зейнет жасындағы адамдардың жұмыс табуына кешенді жобалар әзірленген. Бүгінде Павлодар қаласында 2600 азаматқа жұмыс бар.

Елімізде былтыр «Күміс жас» жобасы іске қосылды. Әлеуметтік саланың бұл бағыты зейнеткерлікке шыққалы тұрған азаматтардың алатын зейнетақысының жоғары болуына әсер етеді. Жұмыс беруші азаматтың жалақысын жартылай төлеп береді, қалғанын мемлекет өтейді.

Меруерт Есембаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

Яғни біздегі зейнеткерлікке жақындап қалған азаматтарымызды. Егер де жұмыс іздеп жүрген адамдар болса, 50 жастан бастап бізге келіп, өздерін өтініштерін білдіріп, өздеріне сәйкес жұмыстарын табуға мүмкіндік жасалды. Былтыр басқаша болатын бұл бағыт жас ерекшілігі басқа болатын, биылғы жастан 50 жасқа ұлғайтып, азаматрымыз бізге өтініш бере алады.

Тағы бір келелі бағыттардың бірі бұл «Ұрпақтар келісім шарты» бағдарламасы. Маңызды жоба жылдар бойы жинақтаған тәжірбесін білікті маман жастарға үйретуді көздейді.

Меруерт Есембаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

Оның негізгі ерекшелігі жұмыс орындарында жұмыс істеп жатқан зейнеткерлікке жақындап қалған азаматшаларымыз өздерінің біліктіліктерін жас мамандарға беру жұмысымен айналысаджы. Бір жылдың ішінде жас маман біраз өзіне тәлімгерлікпен жұмыс жасап, болашақта білікті маман болуға әбден мүмкндігі бар.

Биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы Павлодар қаласына 310 вакансия бөлінді. Жұмыс іздеп жүрген кез келген жас азамат жұмыспен қамту орталығына келіп, өз таңдауын жасай алады. Былтыр 160 жас маман екіқолға бір күрек тапқан.

Меруерт Есембаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

Бұл бағыт сұранысқа ие. Оқу орындарын бітіріп жатқан түлектердің саны жылдан жылға артуда және олардың өздерерінің мамандықтарына байланысты жұмыс орындарын таба алмауына байланысты жұмыс өтілімінің болмауына сәйкес біз жастар практикасы арқылы бұл кісілерді жұмысқа орналастырып, мүмкіндік жасалған.

Еңбек етемін деген азаматтарға әрдайым жұмыс бар дейді орталық қызметкерлері. Вакансия бөлімі апта сайын жаңа мамандықтармен толығып отырады.

Мемлекеттік бағдарламар арқылы нәпәқа табуға ниетті кез келген азамат «Еңбек кз» порталы арқылы өтініш қалдырып немесе жұмыспен қамту орталығына келіп ақпарат ала алады.

Әйгерім Тоқпанқызы