Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылында бүтін бір отбасы ыстан уланып қалды. Абырой болғанда барлығы аман. Алайда анасы мен 2 баласы аудандық аурухана жеткізіліп, тиісті емдік шараларын қабылдап жатыр. Төтенше жағдайдар департаментінің мәліметінше, тұрғындар от пешін дұрыс пайдаланбаған. Пештің мұржасы ұзақ уақыт тазаланбағаны анықталды.

Оразбек Уәлиханов, ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары :

Ақтоғай ауданы Байқамыс ауылында тұратын жедел дәрежелі көмір тотығының улануымен диагнозы қойылған 3 азамат келіп түсті. Осы факті бойынша іс шаралар жүргізу улану себебі жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін талаптарын бұзу болып табылатынын анықталды.

Әйгерім Тоқпанқызы