5 шілде, домбыра күні Павлодарда бірінші болып Айша есімді қыз бала дүниеге келді. Аналар кеңесі жылдағыдай жаңа туған сәбимен, анасымен кездесіп, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты. Тілші сюжетінде.
Елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде домбыра күні атап өтіледі. Осы ретте Павлодар облыстық аналар кеңесі «Айналайын» жоба аясында дәстүрлі түрде перинаталдық орталыққа барды. Домбыра күні ПАвлодарда бірінші болып Айша есімді қыз бала дүниеге келді. Бақытжамал Шаханқызы сәбиге ақ тілегін айтып, жас ананың басына жаулық жапты.
Дүниеге келген кішкентай балапанның ұлттық өнерге жаны жақын болсын деген ниетпен қонақтар қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.
Бақытжамал Максилова, Павлодар облыстық «Аналар кеңесі» төрағасы
Жаңа Конституциямыз келіп жатқанда, жаңа өмірге, жаңа қадам басқан балаға бақыт тілеп, зор денсаулық тілеп, еліміздің елеулісі, халқымыздың қалаулысы болсын деген тілектеміз. Сый сыйлау үшін демеуші болып кетіп отырған бақытта отбасының басшысы Анара қызымызға шақырдық. Бақытты отбасы әрқашанда соларды демеп жүреді, келесі жылы тұсуауын кесіп, содан кейін 1 сыныпқа да апарамыз.
Айта кетейік, «Айналайын» жобасы аясында домбыра күні туған сәбилерге домбыра сыйға тартылып, тура бір жылдан кейін олардың тұсаукесері атап өтіледі. Осылайша жоба мән мағынасын жоғалтпай, жылдан жылға жалғасын табуда.
Самал Қалиқызы