Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы облыстық көркем сурет музейінде бірегей көрме ашылды. Оның авторы жас суретші Әділжан Мұса. Талант иесі скетчинг үлгісінде еңбектерін қағаз бетіне түсіреді.

Әділжан Мұса қаламыздағы көркем сурет мектебінің түлегі. Дельфий ойындарының үш дүркін жеңімпазы. Кескіндемеші Назарбаев университі мен Милан политехникалық университетінің магистранты. Сондай-ақ, Илья Репин атындағы Петербор мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институтының жазғы мектебінің түлегі. Қазір жерлесіміз Жапонияның Токия қаласында сәулет және мүсін факульетінің докторантурасында оқып жатыр. Шет елде жүрсе де өз еңбектерін жерлестеріне ұсынып, көрме ұйымдастырды. Зум платформасы арқылы Токиядан көрменің ашылу салтанатына қатысты.

Көрме үш бөліктен құрылған. Бірінші бөлімін суретші еліміздің тарихи тұлғаларына арнаған. Екінші бөлімінде акварель қолданылған порттреттер қойылды. Ал үшінші бөлімі скетчинг үлгісінде көрерменге ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатына суретшінің жақындары да қатысты.

Мұса Тентекбаев, ҚР денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген ардагер (атасы):

Бұл бала жас кезінен бастады. Өзі де көп сөйлемейді. Бірақ мықты алған ісіне істейтін жұмысында мықты адал. Қазір міне Японияда оқып жүр. Живопись Архитектура. Италияла оқып, енді біз мақтанамыз. Өз орнын тапқанына.

Скетчинг–бұл жылдам эскиздер жасау процессі. Әділжан бұл техниканы жетік меңгерген дейді елімізге еңбегі сіңген қайраткер Өсербай Шоранов.

Өсербай Шоранов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Әділжанның жұмыстарын көріп шықтым, жұмысын. Өте тамаша. Талантты азамат екен. Маған бір ерекше көңілген ұнағаны алғашқы сурет мектебінен бастап, жасаған жұмыстары акварель, майлы бояумен жазған жұмыстары талантты бала содан байқауға болады. Сосын шет елде жүріп зарисовка дейді қаланың архитектрусаны басқа да дүниелерін альбомына салып, өте еңбекқор бала екен.

Көрме қаңтардың аяғына дейін жұмыс істейді.

Әйгерім Тоқпанқызы