Негізгі Жаңалықтар Грецияда Павлодарлық суретшінің жұмысы бағаланды

Грецияда Павлодарлық суретшінің жұмысы бағаланды

Болар бала болмысынан. Грецияда өткен картиналар көрмесінде павлодарлық суретші Софья Чумақтың жұмысы жұртшылықты таңырқатты. Жас суретші мұндай мүмкіндікті халықаралық байқауда жеңіп алған.

София Чумак 7 жасынан бастап сурет сала бастаған. Ол өзінің жетістіктері үшін ұстазына алғыс білдіреді. Тынымсыз еңбектің арқасында шеберлігімді жетілдіріп, Грецияда көрме өткізуге қол жеткіздік, дейді жас суретші.

Софья Чумак, студент:

Байқауға жіберетін жұмысымды өнер мектебі таңдады. Суретім мақұлданып, диплом келді. Бұл жұмысты дайындауға шамамен екі-үш ай жұмсадым.

Қылқалам шебері суретінде римдік жауынгердің сауыт-саймандарын бейнелеген. Байқау тапсырмасында натюрморт салу талап етілген. Өнерлі қыз бұған дейін де көрмелер мен байқауларда бой көрсеткен. Бүгінде жеткен жетістіктері аз емес.

Анжелика Бамбулак, балалар өнер мектебінің мұғалімі:

Ол өте еңбекқор қыз, ақылды. Өзінің шығармашылығымен ерекшеленеді. Жеткен жетістігімен тоқтап қалмайды. Үнемі шығармашылық ізденісте.

Софияның арманы – жеке көрме ашып, ең таңдаулы туындыларын көпшілік назарына ұсыну. Келесі жылы бұл мақсатын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жас суретшінің қоржыныда жүзден астам туынды бар.

Ақмаржан Қалымбек, Артур Поляков


Бөлісу