Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл. Оның еңбектері қазақ руханияты мен мәдениетінің көлдария қазынасы. Бүгінде мәшһүртану ғылымы тарих пен әдебиеттің, лингвистика мен мәдениеттің іргелі салаларының біріне айналды. Жас ғалымдар легі де молынан келіп, әр түрлі бағытта зерттеу үстінде.

Он тоғызыншы ғасырдың ортасы мен жиырмасыншы ғасырдың басы қазақ халқының тағдыршешті кезеңдерінің бірі болды. Дәл осы уақытта жаңаша оқып, жаңа идеялар мен ойларға қол созған ғалымдар легі де молынан шықты. Солардың бірі әрі бірегейі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ руханиятына толықтай анализ жасап, болашақ бағдарын түзіп кетті деуге болады. Бүгінде мәшһүртану ғылымының өзі сан түрлі бағытта дамуда.

Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы:

Мен ендің өзім тілші болғанна кейін тіл жағын қарастырамыз. Өте көп көне, ескі сөздер бар. Алдымызда үлкен мақсат тұр. Түркияда өткен конференцияда айтқам, әлемдік деңгейдегі ұлы ғұлама деп.

Ғұламаның еңбектері бүгінде 20 том болып жарыққа шықты. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, әлі де талай томға жүк боларлық еңбегі жатыр. Жалпы бұл мәшһүртану ғылымының негізін салушы, әулиетнің өз әулеті. Әсіресе немересі Қуандық Фазылұлының еңбегі ұшан теңіз.

Нартай Жүсіп, филология ғылымдарының докторы:

Бұл кісі мәшһүртану деген үлкен саланың негізін қалаушы. 20 томдық шықса, соның 13 томының бас редакторы болған кісі.

Әрине, Қуандық Фазылұлы негізін қалаған мәшһүтану ғылымы іргелі жұмыстарды атқаруда. Десе де, діни ұстанымы мен, жазушы лабараториясы тұрғысынан, текстологиялық талдау жағынан келіп зерттеу жұмыстары кемшіл түсіп жатыр дейді «Мәшһүрдің мұңы» романының авторы, профессор Серік Елікбай.

Серік Елікбай, «Мәшһүрдің мұңы» романының авторы, профессорЯ:

Оның бойында парсы әдебиетінің, араб әдебиетінің әсері бар. Бұрынғы қазақтың танымы бар. Сол кездегі болып жатқан өзгерістер. «Қраным-Алаш» деген сөз Мәшһүрдің идеясы екендігін айтатын адамның жоқ екендігі жан ауыртады. Бұған біз жаңа барып, алғашқы қадамдарды ұойып жатырмыз.

Қалай болғанда да ғұламаның еңбегін зерттеу, зерделеу жұмыстары келесі ұрпақтардың да еншісіндегі міндет. Биыл 165 жасына орай облыста бірқатар мәдени, танымдық шаралар жоспарланған.

Жанасыл Серікбол