Облыс орталығында қазылып, қайта қалпына келтірілмеген 72 аумақ бар. Тұрғындар жұмыстың тоқтап тұрғанына шағымданады. Сол аймақтардың бірі бұл Мәшһүр Жүсіп пен Маяковский көшесінің қиылысы.

Павлодардағы Маяковский көшесі бойындағы жұмыстар күз мезгілінде басталған. Бірақ сол қалпында қалған қазылған жерлер жол қозғалысына кедергі келтіреді. Жүргізушілер трамвай жолымен жүруге мәжбүр.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары жұмыстардың уақытыны жүргізілмеуін ауа-райының қолайсыздығымен байланыстырып отыр.

Темір Қасқабаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Водоканал серіктестігі құбырларды жөндеу жұмыстарын өткен жылдың қараша айында жүргізе бастады. Одан кейін құбыр ауыстыру жүргізілді. Серіктестік осы уақыт ішінде 3 рет желі ауыстыру жұмыстарын шегерді. Оны олар ауа райының қолайсыздығымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ қажетті құбыр болмады. Жақын уақытта желіні кесу бойынша жұмыстар атқарылады деп жоспарланып отыр.

Құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтамаған мердігер жауапқа тартылады дейді бөлім басшысы. Қазір тексеріс жүріп жатыр.

 Әйгерім Тоқпанқызы