Аграрийлердің жаңа буыны
Цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығы саласына біртіндеп енгізіліп келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды белсенді түрде енгізу қажеттігін атап өткен болатын.
Қазіргі таңда аграрлық маман тек ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын меңгеріп қана қоймай, цифрлық құралдармен де жұмыс істей білуі керек. Бұл технологиялар егіс алқаптарының жай-күйін талдауға, өнімділіктің төмендеу себептерін анықтауға және шаруашылықтардың тиімділігін арттыру жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Ұлан Тілеубек, биотехнология кафедрасының докторанты
Мысалы біздің университеттегі ғылыммен, ауыл шаруашылығымен бірлесітігімен бірлесіп, атқару. Өнімділігін арттуруға.
Цифрлық технологиялар аграрлық сала мамандарының білімі мен тәжірибесін алмастырмайды. Керісінше, олардың күнделікті жұмысына қосымша құрал болмақ. Ал мамандар мұндай технологияларды неғұрлым жетік меңгерсе, оларды ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.
Әйгерім Бейсембай, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті деканының академиялық жұмыс және цифрландыру жөніндегі орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында берілген цифрландыру жөніндегі тапсырмаға сәйкес, 2027 жылы университетімізде «Агрономия және агроэкологиялық инженерия» атты жаңа білім беру бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында болашақ мамандар ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйін бағалауды, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдана отырып, агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологияларды енгізуді меңгереді.
Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен университет оқытушылары ChatGPT Edu платформасын пайдалану мүмкіндігіне ие болғанын атап өту керек. Факульттің келесі қадамы – цифрлық технологияларды бейіндік пәндерге енгізу.
Самал Қалиқызы