7 жылда Қазақстан экономикасына 155 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция құйылды
Соңғы 7 жылда Қазақстан экономикасына 155 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция құйылды. Бұл тек қана қазба байлықтарын игеру емес, сан саланы қамтиды. Тартылған қаражаттың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне және қаржы қызметіне бағытталған. Мәселен, қазіргі уақытта еліміздің құрылыс саласында қолданылатын материалдардың 73% отандық өнім.
Қазір не көп, көлік көп. Сол көліктің бір бөлшегі ақ қалайыдан жасалатын дискісі. Бұрын шетелдік көліктермен ғана келетін. Қазір Павлодарда жасап жатыр. Тәулігіне бір мың дана дискі шығарылады. Бұл алюминийді өнделген күйінде, яғни, дайын өнім жасап шығаратын аймақтағы алғашқы компания. 100 ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр
Қуаныш балтабаев - кәсіпорын директоры
Өндірістік мүмкіндігіміз жылына 300 мың дискі шығаруға бейімделген. Қазіргі уақытта әр ай сайын 25 мың дискі құйып жатырмыз. Өнімнің 80 пайызы Ресейге, 20 пайызы еліміздің ішкі нарығында қалады. Сұраныс жеткілікті.
Зауыт арнайы экономикалық аумақта орналасқан. Ерекшелігі сол, бұл жердегі кәсіпорындар жер, мүлік, кеден, қосымша құн және корпоративтік табыс салығынан босатылған. Тиімді болғандықтан шет елдердің басқа да кәсіпорындары келіп жатыр. Қазіргі уақытта 41 мекеме бар. Олардың инвестициялық портфелі 716 млрд. теңге.
Мәдениет ахметов - «Павлодар» арнайы экономикалық аумағының басшысы
41 мекеменің 24-і бүгінгі күні жұмыс істеп жатыр. Ол өнім шығарып жатыр деген сөз. 17-і мекеме құрылысын жасап жатыр. Жыл аяғына дейін тапсырылатыны бар олардың ішінде. Бүгінгі күні 41 мекемеде 800 ден аса адам жұмыс істейді.
Соңғы 7 жылда облыс экономикасына 6 триллионнан аса инвестициялық қаражат салынды. Аймаққа қаржы құюға Қытай, Ресей, Түркия және Германия сынды елдер мүдделі. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы өз алдына Павлодар мына сияқты инвесторларға жеке кеңсе салып берген еліміздегі жалғыз өңір. Бұл жерде қаржыны қайда құйып, қандай пайда табудың бүге-шігесі шешіледі.
Тілші. Алдағы бес жылда аймақта инвестициялық өсім екі есеге ұлғаймақ. Бұл мәлімет инвестициялық жобалар қоржынынан алынды.
Дархан ермағанбетов – Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары
Бұл қоржында 160 тан аса жаңа инвестициялық жобалар бар. Олардың жалпы мөлшері 12 триллион теңгеден асады. Және олардың аясында 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Қомақты қаржының басым бөлігі өнеркәсіп, металлургия энергетика және аграрлық салаға бағытталады. Тікелей инвестиция тарту бойынша Ертіс-Баян өңірі еліміз бойынша алдыңғы бестікке кіріп тұр. Ал, Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші ел мәртебесін нығайтып отыр.