Негізгі Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: тазалық сақтамағандар ₸6,5 млн айыппұл төледі

«Таза Қазақстан»: тазалық сақтамағандар ₸6,5 млн айыппұл төледі

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Павлодар облысының полиция департаменті 6600-ден астам адамның заңға қайшы әрекетке жол бергенін анықтады. Олардың арасында қоғамдық орында темекі тартып немесе ішкен асының қалдығын кез келген жерге тастап жүре беретіндер бар.


Ал ең сорақысы - күл қоқысты жүк көлігіне тиеп сайын дала, орман, тоғай, өзен, көл айналасына апарып төгетіндер. Полицияның қырағылығы арқасында тұтас кәсіпорындардың да осындай өрескелдіке жол беретіндігі анықталды. Жедел шара барысында айыппұл есебінен бюджет қоржынына 6,5 млн теңге қаражат түсті.

Азамат Күркебаев, Павлодар облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы

Жедел басқару камераларының қолданылуымен 18 жүк көліктері анықталып, олар арнайы тұраққа қойылды. Тиесілі материалдар жауапқа тарту үшін экология департаментіне жіберілді. Аталған акция барысында бұл жұмыс жалғасады.


Бөлісу