Еңбек адамы – ел бірлігінің тірегі
Павлодар облысына жұмыс сапарымен федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин келді. Ол кәсіподақтар республикалық форумында өңірлік кәсіподақ өкілдерімен бас қосты.
Павлодар қаласында «Еңбек адамы – ел бірлігінің тірегі» атты республикалық кәсіподақтар форумы өтті. Оған еліміздің түкпір түкпірінен кәсіподақ саласының өкілдері келді. Форумды федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ашып берді.
Бұл форум еңбеккерлердің құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лайықты еңбекақы және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланатын диалог алаңы. Форум жұмысы «Халық Кеңесі: жалпыұлттық диалогтағы еңбек адамының үні» атты отырыстан басталды. Делегаттарға форумның мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ «Еңбек адамының үні. Қазақстанның еңбек ұжымдары мен кәсіподақтарының 25 жалпыұлттық бастамасы» атты құжат жобасы таныстырылды.
Федерация түрлі салалар мен өңірлердің жұмыскерлерін біріктіреді. Сондықтан оның күші – салалық және кәсіби ерекшеліктерді сақтай отырып, ортақ мүдделерді қорғау қабілетінде. Айта кетейік, «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» атты форум Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстан Халық Кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен екі күнге жалғасты.
Самал Қалиқызы