Жеке тұрғын үйден өрт шықты
Павлодар қаласында жеке тұрғын үй аумағынан өрт шықты. Құтқарушылардың көмегімен жалын ауыздықталды. Өрт неден шықты? Зардап шеккендер бар ма?
Павлодарда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автокөлікті өрттен аман алып қалды. Павлодар қаласындағы Академик Марғұлан көшесінде жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты. Құтқарушылар қосалқы құрылыста, үйдің шатырында және көрші гараждың шатырында болған өртті жедел сөндірді.
Ринат Алишев, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығының орынбасары
Бүгін 10.34 минутта 101 пультіне Академик Марғұлан көшесіндегі №334 жеке тұрғын үй аумағындағы үй жайда өрт шыққаны туралы хабарланды. Өрт сөндірушілер жер үйдің, шатырын, гараж шатырында өртенудің алдын алды. Көрші үйдің тұрағынан тайота маркалы көлігі эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Самал Қалиқызы