Өңірге Қазақстан халық кеңесінің мүшелері келді
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел аясында Мемлекет басшысының Жолдауы және онда көтерілген мәселелер талқыланды.
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын, қоғамның өзекті мәселелерін қозғайтын және әрбір азаматтың болашағына қатысты маңызды стратегиялық құжат.
Біздің өңірге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері жұмыс сапарымен келді, олар әр саланың өкілдерімен кездесті. Бұл – Қазақстан Халық Кеңесінің еліміздің барлық аймақтарымен тұрақты байланыс орнатып, қоғамдық диалогты дамытуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Наринэ Микаелян, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі
Әр комитет жұмыс жоспарын құрды. Біздің негізгі жұмыс бағытымыз - өңірлермен жұмыс. Бізді үшін аталмыш жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің араласқаны қуантады. Онда қоғамдық даму, білім, тәрбие, мәдениет, әлеуметтік саясат талқыланады. Біздің комитеттің мақсаты – татулық пен бірлікті сақтау. Сондықтан сіздердің белсенділіктеріңіз өте маңызды.
Қазақстан Халық Кеңесі Мемлекет басшысының бастамасымен барлық азаматтарды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіруді, ел бірлігін нығайтуды көздейтін қоғамдық диалогтың жаңа институты ретінде құрылды. Бүгінде жаңадан құрылған осы қоғамдық институттың өкілдерімен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелерді терең зерделеп, ел дамуына қатысты бастамаларды талқылауға және осы бағыттағы өз рөлімізді айқындауға мүмкіндік алып отыр.
Самал Қалиқызы