Негізгі Жаңалықтар Болашақтың басты басымдықтары

Болашақтың басты басымдықтары

Президент Жолдауы ел дамуының алдағы бағыттарын айқындады. Онда халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және адами капиталды дамыту мәселелеріне басымдық берілген.


Жолдауда әлеуметтік саясатқа ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен заманауи технологиялар кеңінен енгізілген кезеңде халықтың рухани болмысын, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сақтаудың маңызын атап өтті. Бұл пікірді өңірдің мәдениет саласының өкілдері де қолдайды.

Арман Әлиақпаров, г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы

Жолдау маған ерекше ұнады. Себебі еліміздің барлық өңірінде ауқымды құрылыс жұмыстары басталмақ. Бұл тек инфрақұрылым нысандары ғана емес, әлеуметтік маңызы бар нысандарды да қамтиды. Мәдениет саласында еңбек ететін біз үшін жаңа мәдениет нысандарының бой көтеретіні қуанышты жаңалық. Президент атап өткендей, Ұлттық қордағы қаражат пен алтын-валюта резервтерін келер ұрпаққа сақтау маңызды. Алайда сонымен қатар елдегі инфрақұрылымды да дамытуымыз қажет. Сондықтан баршамыз Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуымыз керек.






Бөлісу