Облыс әкімі «Үрлітөбе» автокөлік өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді
Железин ауданы
Облыс әкімі Асайын Байханов мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін аралауды жалғастыруда. Бұған дейін ол Успен ауданындағы «Қосақ» және Шарбақты ауданындағы «Шарбақты» автокөлік өткізу пункттерінің жұмысымен танысқан болатын. Сонымен қатар, Железин ауданындағы Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан «Үрлітөбе» автокөлік өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.
Шекара инфрақұрылымын жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. «Үрлітөбе» өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жобасы 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Жоба аясында инфрақұрылымды жаңарту, заманауи жабдықтармен жарақтандыру, сондай-ақ шекаралық және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу көзделген.
Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 500-ден кемінде 1 000 көлік құралына дейін, ал мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар саны 1 000-нан 3 000 адамға дейін артады. Бүгінде құрылыс алаңында 34 адам жұмыс істеуде және 9 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта аумақты жоспарлау және кірме жолдарды салу жұмыстары аяқталды.