Негізгі Жаңалықтар Прокуратура бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

Прокуратура бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп тексеру басталды.  



Тексеру барысында Успен ауылдық округі әкімінің аппараты іс жүзінде жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін мердігерге 45 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.

Ерлан Тюлеков, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі

Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін мердігерге заңсыз түрде 45 млн теңге аударған. Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді.


Самал Қалиқызы


 


Бөлісу