Меншік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым серіктестік. Бірнеше жылдан бері қала тұрғындарына таныс ұғым. Көппәтерлі үйлерге күтім жүргізу және қызмет көрсету үшін басқарудың осы формалары ұсынылғалы да бірнеше жыл болды. Бүгінде қаладағы үйлердің басым бөлігі жаңашылқыққа қадам басқан.

Пәтер иелері бірлестігі және қарапйым серіктестік үлгісінің инновациялық артықшылықтары мен оңтайлы тұстары тұрғындарға екі жылдан бері түсіндіріліп келеді. Нәтиже жаман емес дейді мамандар. Түсіндіру жұмыстарынан соң 50 көпқабатты үй пәтер иелерінің бірлестігін құрған. Тағы 800 үй қарапайым серіктестік құруды жөн көрген.

Бақытгүл Базылова, тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары:

Түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Тұрғыүй инспекциясының мамандары кесте құрып, тұрғындармен кездесуде. Барлығын жіті түсіндіруде. Қазіргі уақытта 7 үй мүлік иелерінің бірлестігін құру үстінде.

Аталмыш жүйе бойынша екі есепшот ашылады. Біреуі ағымды шот, екіншісі жинақтық есепшот. Бұл үйдің жөндеу жұмыстары үшін жиналған қаржыны бақылауға мүмкіндік береді.

Бақытгүл Базылова, тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары:

МИБ құрған жағдайда оның төрағасын сайлау керек. Тұрғын үй кеңесі мен ревизор жұмыс істейді. Ал, қарапайым серіктестік жағдайында сенімді тұлғаны таңдап, тұрғын үй кеңесін құрып, ревизорды тағайындайды. Тұрғынүй инспекциясының мамандары құжатамама жұмыстарына толығымен көмектеседі.

Екі форманың айырмашылығы МИБ заңды тұлға болып саналады. Ондай жағдайда төрағаға жалақы төлеу керек.

Мөлдір Сағидолла, Жанасыл Серікбол