Павлодар қаласы номері бірінші мектеп-интернатында ымдасу тілінің курсы өтуде. Оған мектеп мұғалімдері мен ата-аналар, студенттер қатысып жатыр. Шара ұйымдастырушылары ым-ишара тілін меңгерген адамдар саны көп болуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға оңтайлы екендігін айтады.
Номері бірінші мектеп интертанытыңы аумағында ымдасу тілінің курсы бес жылда бір рет өтіп тұрады. Мамандардың айтуынша, бастапқы негізді үйрену үшін курсқа 3 ай қатысу керек. Бірақ, бұл курс мейлінше қысқа өтуде. Қатысушылар қазірдің өзінде есту қабілеті нашар адамдармен жұмыс істеп жатыр. Курс аяқталған соң оларға сертификат тапсырылады.
Нұрсәуле Төлемісова, №1 мектеп-интернатының басшысы:
Курстың қатысушылары өзіміздің мамандар. Олар әр түрлі категорияағы балалармен жұмыс істейді. Әрине, оларға ым-ишара тілін де терең білулері керек.
Ым-ишара тілін оқыту бірнеше жылдан бері жүріп келеді. Алайда, көпшілігі жеке меншік курстардан үйренеді. Мемлекет есту қабілетінде ақау бар жандарға мейілінше көңіл бөліп, ым-ишара тіңлін меңгергендер санын арттыру керек дейді ұйымдастырушылар.
Елена Рыжая, «Үміт» орталығының жетекші маманы (Алматы):
Біздің мекеме есту қабілеті бар адамдарға көмегін тигізіп жатыр. Бүгін міне мектеп-интернаты аумағында арнайы курс өткізіп отырмыз. Егер педагогтар осы тілді жақсылап игерсе, мүмкіндігі шектеулі балаларға терең білім бере алады. Осылайша ол балалар қоғамдағы орындарын оңай табады.
Бұл мектептің түлектері жоғары оқу орындарына түсіп, білім алуда. Ондағы негізгі мәселе де тіл табысу. Сондықтан, ыммен тілдесудің негіздерін неғұрлмы көп адам білгені олар үшін оңтайлы.
Әсем Ахметова, курс қатысушысы:
Курсқа педагаогтар мен аранйы мамандардан бөлек, әр түрлі қоғам мүшелері де қатысты.
Жанасыл Серікбол, Валентина Диденко