Облыс орталығында дзюдо бойынша 2010-2011 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Жарысқа 17 облыстан және 3 республикалық маңызы бар қаладан 750 спортшы қатысады. Байрақты дода жайында толығырақ тілшіміз айтады.

Баянтау спорт кешеніне еліміздің әр өңірінен келген 14-15 жастағы дзюдошылар жиналды. Бүгін олар татамиде өз күштерін сынап, аймақ намысын қорғауға шықты. Жалпы, өңірімізде дзюдо спорты жүйелі түрде дамып келеді. Павлодар облысының әкімі орынбасары Айгүл Мәлікова жас спортшыларға сәттілік тілеп, бұл спорт түрінің елдегі танымалдылығы мен дамуына тоқталды.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Дзюдо бұл өзінің тарихы бар, өзінің дәстүрі бар серпінді даму аңызға айналған олимпиадалық спорт түрі. Бүгінгі таңда дзюдломен Павлодар облысында жүйелі түрде 4 мыңнан астам спортьшылар жасөспірімдер арасында. Және де бүгін бізде 20 облыстан 200 ден астам жас спортшылар келіп отыр. баршаларға сәттілік тілеймін.

Чемпионатқа Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев келді. Спортшының сөзінше елімізде қазіргі уақытта 90 мыңнан астам спортшы дзюдоның кәсіби деңгейімен айналысып жатыр. Бұл жарыс — кіші жасөспірімдер арасында ұлттық құраманы қалыптастыруға арналған маңызды кезең.

Айбек Имашев, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры

Қазіргі уақытта 90 мыңнан аса дзюдошылар елімізде осы дзюдо спорт түрімен кәсіби айналысады. Енді осы жерде кіші жасөспірімдер анықталған спортшылар оқу жаттығу жиындарына қатысып ұлттық құрама командамен шетелде жарыста халықаралық аренада бақ сынайтын болады. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жалпы жарыс әр облыс өзіндік деңгейде оқу жаттығу жиындарынан өтіп, дайындалып келді. Кім дайын кім мықты солар жеңіске жетеді.

Бұл алаң жас дзюдошыларға мүмкіндіктерін көрсетіп, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Мұндай жарыстар дзюдоны дамытуға және жас спортшылардың әлемдік деңгейде жарысуына жол ашады. 13 жастағы Ұлмекен Қадырбек чемпионатқа Түркістан облысынан келді.

Ұлмекен Қадырбек, қатысушы

Мен Павлодар қаласына күресуге келдім. Чемпион болу менің арманым. Қазір финалға шықтым. Мен Түркістан облысы атынан шықтым.

Айта кетейік Павлодар өңірінің намысын 45 жасөспірім қорғайды. Ойын екі күн бойы өтеді.

Әйгерім Тоқпанқызы