2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілді. Павлодар облысында онлайн және офлайн форматта 63 мыңға жуық үй шаруашылығы қамтылып, санақ 99 пайыз орындалды.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп жатыр. Санақтың алғашқы кезеңі 1–31 тамыз аралығында онлайн форматта жүргізілді, бұл уақытта Павлодар облысында 40 пайыз үй шаруашылығы, яғни ондаған мың азамат цифрлық платформа арқылы сауалнамаға жауап берді.

Санақтың екінші кезеңінде қалған 60 пайыз, яғни 38 мың үй шаруашылығын қамту мақсатында интервьюерлер планшет арқылы офлайн сауалнама жүргізді. Павлодар облысында бұл жұмысқа 75 интервьюер мен 19 нұсқаушы тартылып, қазіргі таңда 99 пайызға жуық жұмыс аяқталып отыр — бұл көрсеткіш аймақтағы ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Айта кетсек, қазан айының соңына дейін жиналған деректер тексеруден өткізмек. Нәтижелер алдын ала желтоқсан айында белгілі болса, нақты қорытындылар 2026 жылы ұсынылады.

Салтанат Бауыржанқызы