35 жастағы Павлодар тұрғыны өзінің таныс әйеліне зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Тергеу материалдарына сәйкес бәленің басы ішімдіктен басталған.
Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралды. Тергеу мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында ер адам мен әйел пәтерде бір сағаттай бірге болып ішімдік ішкен. Артынша ер адам оны жыныстық әрекетке мәжбүрлеуге тарысқан. Әйел бас тартқан соң күш қолдану әрекетіне дейін барыпты. Мән-жайға көз жеткізген сот мынадай үкім шығарды.
Өрнек Әбжапаров, Павлодар қаласы ауданаралық қылмыстық сотының судьясы
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы үшін 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын.
Ер адам бұрын сотты болған. Жаңа үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.