Тереңкөл аудандық балалар музыка мектебінде Қазақ КСР ның халық әртісі, әйгілі күйші Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына облыс орталығынан бірқатар өнерпазар мен мәдениет қызметкерлері барды. Біздің түсірілім топ та шараға куә болды.

Тереңкөл ауылындағы муызка мектебінде қазір 170 бала өнер үйреніп жатыр. Рүстембек Омаров атындағы кабинет осындағы өнер жолындағы шәкірттер үшін. Оқушылар осында даңқты күйшінің өміренен хабар алады, осылайша Рүстем Омаровтың күй тарту шеберлігіне жетуге ұмтылады.

Серік Сыздықов, музыкалық колледж кешенінің басшысы

Жалпы қазақтың күй өнері дегенде Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанғаптардан қалған ізбасарлардың қатарына қосылатын Ертіс-Баян өңірінің есімі РҮстембек Омаров. Жалғыз есім десе де болады. Рүсекеңнің есімі Павлодар облысында, өзінің туған жерінде көптеген іс-шаралар қабылданып жатыр.

Мектеп ұжымын құттықтауға өнерпаздар, мәдениет қызметкерлері келді. Шәкірттер кабинет арқылы үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенім білдірді.

Талғат Кәрімов, Р. Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі

Өте қуаныштымыз. Біздің ауылымызда, мектептің ішінен арнаы класс ашылып жатыр. Бұл класстың ішінен мықты әншілер, күйшілер шығады деп сенемін. Осы классқа кіріп, өздеріңіз тәлім аласыздар, көп ақпарат аласыздар!

Талғат Кәрімов Рүстембек Омаровдың «Жастық шақ» күйінің партитурасын сыйға тартты. Артынша салтанатты түрде лента да қиылды.

Кабинет мектеп ұжымының ізденісі негізінде ашылды. Күйші туралы көрнекі ақпараттар көптеп топтастырылды. Облыстық филармония, музыкалық колледдж кабинеттің ашылуы жолында көмек қолын созған.

Рүстем Бесенов, Тереңкөл ауданы музыка мектебінің басшысы

Аудан бойынша ауылдық аймақтарда үш филиал бар. Әулиеағаш ауылында домбыра сыныбы, Песчан ауылында фортепиано сыныбы, Байқоныс ауылында өткен жылы алғаш рет жетіген сыныбы ашылды. Жәнеол жерде де домбыра сыныбы жұмыс істейді. НЕгізгі мектепте домбыра, жетіген, қобыз, вокал, фортепиано, үрлемелі аспаптар сыныбы, гитара сыныбы жұмыс істейді.

Мектеп оқушылар үшін әр түрлі танымдық жобалар ұйымдастырылып тұрады. Өткен жылдан бастап жаңа музыкалық аспаптар жеткізілген. МЕктеп биыл Қазақстандағы ЮНЕСКО федерациясының мүшесі атанған.

Жанасыл Серікбол