Кезекті «Әкім сағаты» бағдарламасының қонағы – Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұлов. Кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығы, жер мәселесі, әлеуметтік нысандардың жағдайы және тұрғындарды алаңдататын өзекті сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, өңірдегі даму қарқыны мен алдағы жоспарлар да сөз болды.

Шарбақты ауданы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Биыл дәнді дақылдар 137 мың 353 гектар жерге егілді. Майлы дақылдар көлемі – 48 мың 432 гектар. Картоп 340 гектарға, көкөніс 150 гектар аумаққа отырғызылған. Былтыр жалпы егіс алқабы 206 мың гектар болса, биыл бұл көрсеткіш 213 мың гектардан асты.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі

Биылғы ауа-райының қолайлығына байланысты егіннің шығымы жақсы. Шаруалардың көңіл күйі де жақсы. Оның үстіне, былтыр егіннің сапасы нашар болса, биыл сапасы өте жақсы. Шаруалар бүгінгі күні толығымен аяқтаған жоқ егін егуді. Өйткені майлы дақылдарды көбірек егті. Жылдың басында 48 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егуді жоспарлсақ, егін егу барысында бұл майлы дақылдар 75 мың гектар жерге егілді. Өйткені облыс басшылығының тапсырмасы бар, сондықтан майлы дақылдарға көп көңіл бөлінді. Енді майлы дақылдарды жинап алу қалды, сонымен қатар кіші шаруашылықтарда дәнді дақылдарды жинау жалғасуда. Соңғы ауа райы кішкене бөгет жасады.

Ауданда ауыл шаруашылығынан бөлек, әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Биыл ауданда екі шағын спорт алаңы салынды. Оның бірі – демеушілер есебінен, екіншісі – облыстық бюджет қаражаты арқылы жүзеге асқан. Жер мәселесі де күн тәртібінде. Қазіргі таңда тұрғындарға шамамен 11 мың гектар жер жетіспейді.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2021 жылы 74 мың гектар жер жетіспейтін. Осы жүйелі жұмыстардың арқасында, бүгінгі күні бұл көлем 11 мыңға жетті. Жұмыстар әлі де жалғасуда. Биылдың өзінде біз 4 мың гектардай жер қайтарып алдық. Осы қайтарылған жерлер қайтадан ауыл тұрғындарына берілуде. Қазан айының соңында тағыв да бір конкурс өтеді. Сол конкурста 13 лот бойынша 3600 гектар жер ойнатылады.

Бағдарлама барысында аудан азаматтары тікелей эфирге хабарласып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Солардың бірі – Малиновка ауылының тұрғыны.

Аудан әкімі көтерілген сауалға нақты жауап беріп, ауылдағы медициналық нысанға қатысты жоспарын түсіндірді.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі

Малиновка ауылында медициналық пункт орналасқан. Бірақ күрделі жөндеуді қажет етеді. Күрделі жөндеу бойынша жоба бар. Бірақ, жоба өте қымбат. Сондықтан облыс әкімі біздің алдымызға басқа талап қойды, тапсырма берді. Ол медициналық пункті жөндеп, көп ақша жұмсағанша, жаңадан медициналық пункт осы ауылға салып беру бойынша. Тапсырманы алдық, келесі жылы бұл тапсырманы орындауды жоспарға алдық. Өйткені, жаңадан медициналық пункт салсақ, арзан түседі және көп жыл пайдалануға болады. Ескі ғимарат Малиновка ауылында.

Биыл облыстық «Ертіс» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толады. Осы мерейтой қарсаңында Сержан Иманқұлов дәтүрлі «Әкім уәдесі» айдарында телеарна ұжымына арнайы пресс-тур ұйымдастыруға ұсыныс білдірді. Ол Ертіс арнасының шығармашылық тобын ауданға шақырып, туризм мен өндіріс бағытындағы нысандарды көрсетіп, өңірдің әлеуетімен таныстыруға уәде берді. Аудан әкімдігі мерейтой аясында мазмұнды шара өткізуді жоспарлады.

Сабина Жолдаспева