Мектеп оқушылары еріктілермен кездесті. Басқосудың негізгі мақсаты – еріктілер қатарына жаңа белсенді жастарды тарту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, замандастарының нақты еңбегін көрген оқушылар да қайырымды істерге қосылады.

Естай атындағы мәдениет сарайына оқушылар, ұстаздар және еріктілер жиналды. Қатысушылар үшін еріктілер бірлестіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жас волонтерлердің өз жобаларын іске асыруына көмектесетін гранттық бағдарламалар мен байқаулар туралы ақпарат берілді. Шараға «Жастар салауатты өмір салты үшін» және өңірлік «Birgemiz» бірлестіктері қолдау көрсетті.

Дәрия Тоқтар, Павлодар қаласы «Birgemiz» бірлестігінің еріктісі

Қазіргі таңда тіркелген еріктілер саны 3000нан асқан. Одан басқа тіркелмегендер де бар.

Жас еріктілердің жолы мектеп қабырғасынан басталады. Мұнда олар жауапкершілік пен жанашырлыққа үйренеді. Ал алғашқы тәжірибеден кейін қызметін ірі ұйымдарда жалғастырады. Мысалы, «Қызыл Жарты Ай» қоғамында белсенді жастардың қатары артып келеді.

Айғаным Ашырбек, Павлодар қаласы «Қызыл жарты ай» қоғамының еріктісі

Мен ерікті болғаныма 3 жылдан асты. Маған ертікті болу ұнайды.

Кездесуден кейін оқушылардың көбі ерікті топтарына қосылуға ниет білдірді. Ал үлгермегендер үшін QR-код әзірленген. Сол арқылы еріктілер ұйымдары туралы ақпарат алып, қозғалысқа қосылу жолдарын білуге болады.

Сабина Жолдаспаева