Мемлекеттік қызметкерлердің әдебі жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірқатар шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылды. Араларында төбелескен боксшы шенеунік, қызметкерлеріне заңсыз сыйақы берген жомарт шенеуніктер де бар.

Алғашқы болып Екібастұз ауылдық аймағы Қоянды ауылдық округінің әкіміне байланысты болды. Ол жұмыстан тыс кешкі уақытта бұрынғы әріптесімен төбелесіп қалған.

Ал, Ержан Оразалиновтың өзі болған жайды баяндап, одан кешірім сұрағанын айтты. Қазір бұл мәселе бойынша ешқандай түсінбеушілік жоқ дей келе жіберген қатесі үшін кешірім сұрады. Әдеп кеңесінің мүшелері оған қатаң сөгіс беру туралы ұсыныс енгізуді шешті. Сондай-ақ, Екібастұз ауылдық аймағының барлық әкімдеріне мемлекеттік қызметкердің әдебі жөніндегі алдын-алу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

 Осыған ұқсас қателікті Успен ауданы Новопокровка ауылдық округінің әкімі де жіберген. Ол мотоциклге дауыс ұлғайтқыш орнатып, халықтың мазасын алған жасөспірімдерді балағаттап жіберіпті. Кеңеске онлайн қатысқан Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев Вячеслав Симоненконың беделі зор, жұмысы тыңғылықты екендігін айтып, кеңес мүшлеренің алдында ақтады.

Әдеп кеңесінің мүшелері Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашевқа ауыл әкіміне «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Сондай-ақ, Успен ауданының барлық әкімдеріне мемлекеттік қызметкердің әдебі жөніндегі алдын-алу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, кеңес барысында заңсыз сыйақы беру фактілері де талқыланды. Заң аясынан тыс сыйақы берген шенеуніктердің бірі Екібастұз қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абай Хәкімов.

Абай Хәкімовпен қатар, Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Қаңтарбаевқа, сондай-ақ Лесной ауылдық округінің әкімі Татьяна Кишкуноваға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» сөгіс жариялауға ұсыным білдірілді.