Бүгін Торайғыров университеті 65 жылдығын атап өтіп өтті. Осы уақыт ішінде жоғары оқу орны мыңдаған мамандарды даярлап, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Атаулы күнге орай университеттің бас ғимаратында салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған жоғары оқу орнының қызметкерлері, студенттері, түлектері және мәртебелі меймандар қатысты.

Сән-салтанат әуелі көрмені тамашалаудан басталды. Шараға келген қонақтар факультеттер мен ғылыми орталықтар ұйымдастырған ауыл шаруашылық, металлургия, қоршаған орта тақырыбындағы жұмыстарды тамашалады. Бұдан соң салтанатты шара мәжіліс залында жалғасты. Университет ұжымын облыс әкімі Асайын Байханов құтықтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Ел Президенті Қ.К.Тоқаев білім мен ғылымды ел дамуының стратегиялық негізі ретінде айқындады. Осы бағытта Торайғыров университеті өңіріміздің өркендеуіне зор үлес қосуда. Жарты ғасырдан астам уақытта 100 мыңға жуық білікті маман даярлап, еліміздің игілігіне қызмет етуде. Сондықат университет ұжымына қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Құттықтау барысында өңір басшысы университеттің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға төс белгі тақты. Алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапаттады. Бұдан соң оқу орны ұжымына құны 10 млн теңгелік сертификат табыс етті. Бұл қаржы, жасанды интеллект лабораториясын жабдықтау мақсатына жұмсалады.Айта кетейік оқу орны 1960 жылы 20 қыркүйек күні құрылды. Ал 1 желтоқсанда алғашқы дәріс оқылды. Бүгінде университетте 33 ғылым докторы, 181 ғылым кандидаты, 121 PhD докторы жұмыс істейді. Олардың қатарында металлургия кафедрасының проофессоры Ермағамбет Әбдірахманов бар. Ол 45 жыл студенттерді білім нәрімен сусындатып келеді.

Ермағамбет Әбдірахманов, техника ғылымдарының кандидаты, профессоры

Мен 80 жылдан зауыттан келіп, құй лабораториясын ұйымдастыруға қатыстым. Содан бері 45 жыл жұмыс істеп келемін. Осы жылдар ішінде біз қаншама мамандар дайындадық. Павлодар трактор, алюминий зауыт үшін ферроқорытпа зауыты үшін ақсудың. Үлкен мамандарды дайындап шығардық. Қазір олардың барлығы үлкен қызметтерді Қазақстанның. Әр жерінде жұмыс істеп жүр.

Университе еліміздің үздік көпсалалы университеттерінің бестігінде. Қара шаңырақтан мемлекет, қоғам қайраткерлері, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, ірі бизнесмендер, ғылым, мәдениет салаларының еңбек сіңірген қайраткерлері түлеп ұшты.

Әйгерім Тоқпанқызы