Алтын өңдеп шығаратын автоклав өңірімізге жеткізілді. Ертіс гидрометаллургия комбинаты Бельгия елінен технологиялық жабдықты теңіз, одан кейін Обь пен Ертіс өзендері арқылы 1 жыл тасымалдаған. Айта кетейік бұл құрылғы әлемде тек Ресейдің Амур өлкесінде және енді біздің Павлодар өңірінде бар. Жоғары қысымды қондырғы жұмысымен бүгін өңір әкімі Асайын Байханов танысты.
Бұл алып қондырғының салмағы мың тоннадан асады. 174 доңғалағы бар автоклавты уақытша сақтау үшін «Павлодар» арнайы экономикалық аймақта қажетті инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Қараша айында жабдықталады. Айта кетейік, алтын рудадан, яғни кеннен бөлініп алынады. Өнім тазаланып, құймаға айналады. Болашақта жылына 300 мың тоннаға жуық құрамында алтыны бар концентрат өңделіп, одан 15 тоннаға дейін таза алтын өндіріледі. Индустриялық-инновациялық даму бағытына сай келетін бұл бастама өңірдің ғана емес, бүкіл елдің өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етпек.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Павлодар өңірінің экономикасына 1 млдр тан астам қаражат инвестиция құйылады. Бұл қаражат толықтай шетелдік қаражат. Бұл зауыт іске қосылған кейін экономика 20 пайызға өсетін болады. Таза экспорттық кіріс пайда болады.
Шикі зат келешекте Абай облысы Жарма ауданынан жеткізіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек басқа да алтын кен орындарынан тасымалданады. Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты- алтын өндіретін жетекші компаниялардың бірі болмақ. Кәсіпорын құрылысы 2028 жылы аяқталады.
Мирас Мәдиев, жоба жетекшісі
Автоклав золото задержащий концентратты осы Қазақстанда шығатын бізде процессті үшке бөлсек болады. Это добыча руды, переработка руды, бұдан бұрын біз басқа елген жібергенбіз. Енді толықтай цилк Қазақстанда жабылады. Добыча переработка, Рудадан алтынның негізін шығаруға автоклав бізге көмектеседі. Үлкен қысы бойынша 40 айта кеткендей. Оның температурасы 240 қа дейін жүреді.
Автоклав зауыт іске қосылғанша арнайы экономикалық аймақта жабдықталған корпусқа орнатылады. Ертіс гидрометаллургиялық зауыты 2028 ашылады деп жоспарланған. Бұл өңір экономикасына жаңа серпін беретін жоба болмақ. 700 жаңа жұмыс орны ашылып, қызметкерлердің жалақысы шамамен 550 мың теңге, яғни мың доллар көлемінде болады.
Әйгерім Тоқпанқызы