Абайды тану – әлемді тану. №3 гимназияның қазақ сыныбына Ұлы «Абай» аты берілді. Оған балалардың ұсынысы негіз болған. Енді оқушылар ұлы ақынның мол мұрасымен кеңінен таныса алады.


Абай сыныбында ақынның мол мұрасы сақтаулы. Тіпті ақын ұрпағының шежіресі де ұсынылған. Мектеп басшылығының айтуынша, сыныпқа хәкім Абайдың есімі берілуін 5-ші сынып оқуышылары өздері ұсынған көрінеді.

Қарлығаш Слямбекова, мектеп директорының орынбасары:

Бұл күні біздің гимназиямызда алғаш рет атаулы сынып, яғни Абай атамыздың аты берілген сынып ашылып отыр. Бұл сыныптың ашылу мақсаты – болашақта Абай атамыздың шығармаларын жете біліп, жазып кеткен мұрағаттарын ары қарай зерттеуге арнайды.

Бұл сынып оқушылары дарындылығы мен зерделігімен мектепте үздік танылған. Абай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап сусындай бастаған. Бүгінде зейіндерін ақынның қара сөздерін талдап, олардың мәнін ашуға арнап жүр.

Сымбат Майғұл, оқушы:

Абайдың қара сөздерін, шығармаларын...үлкен жауапкерлішік.

Атаулы білім ордасының жиын залында жалғасын тапты. Оқушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін сүйсіне оқыды. Сыныпқа Абай есімін беріледі деген куәлік табысталды. Қызыл лента қиылып, оқушыларға «Абай жолы» романы тарту етілді.


Ақмаржан Қалымбек