Павлодарлық жас дзюдошылар халықаралық лиганың бірінші кезеңінен сәтті өтті. Халықаралық додада еліміздің намсын тек павлодарлық спортшылар қорғағандығын айта кету керек.


Халықаралық жарыстардың бастапқы кезеңі Барнаулдағы татамиде басталды. Дүбірлі додада Ресей, Моңғолия, Беларусь және Қазақстанның дзюдошылары белдесті.

Геннадий Мамонов, бапкер:

Ең алғаш рет біздің жерлесіміз, әлем және Еуропа чемпионы Иван Нифонтов бастаған дзюдо лигасына қатыстық. Төртінші мәрте өткізіліп келеді. Біз бұл лигаға Қазақстаннан алғаш рет қатысып отырған командамыз. Бұл өте ауқымды іс-шара. Ресей 7 дивизионға бөлінді. Бізге Сібір түсті. Ол жерде біз және тағы 12 команда іріктеу кезеңдеріне қатыстық. Біріншісі Барнаулда өтті. Онда біз өз дивизионымызда үздіктерді анықтадық. Ал Мәскеуде суперфинал өтетін болады.

Дзюдошылар сегіз салмақ дәрежесінде белдесті. Жеңіске жету үшін ұпай жинап, табанды ойын үлгісін көрсетті. Жалпы алғанда біз үшін жарыс сәтті өтті. Алайда, кейбір жекпе-жектер бойынша есе жіберген кездер болды. Дегенмен жерлестеріміз бастапқы кезеңде жеңіске жете алды.

Нұрхан Мұхамедрахим, спортшы:

Қарсыластар сәл мықтырақ болды, бірақ келесі жолы жеңіске жететінімізге сенімдіміз. Жарыс оңай болмады, қиындықтар болды.

Ильнур Ахмадиев, спортшы:

Қарсылас команда жақсы. Бұл біздің алғашқы ауқымды турнир болғандықтан қатты қобалжыдық.

Балалар лигасы Сібір дивизионының келесі турында біздің спортшылар өнер көрсететін болады. Ол Новосибирск қаласында өтеді.


Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров