Тұрғындар тоңбауы керек! Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыруды тапсырды. Ол үшін барлық қажетті шараны қабылдау керек. Бұл туралы Ақорда телеграмм парақшасында хабарланды. Сондай-ақ онда Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма бергені жазулы.