Павлодарлықтар алдағы саяси науқанда 190 депутат сайлайды. Олардың 189-ы әр түрлі деңгейдегі мәслихаттағы орындарға жайғасады. Ал, Мәжіліске бір мандатты округтен 1 депутат сайланады. Қазіргі уақытта кандидаттарды ұсыну жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәліметінше, кезектін тыс айлауға 710 сайлау комиссиясы дайындалған. Оның 14-і аумақтық, 173-і аудандық, 523-і учаскелік сайлау комиссиялары. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі номері 23-ші сайлау округінен бір депуттат Парламентке сайланады. Қазіргі уақытта кандидаттарды ұсыну жұымстары жүріп жатыр.

Гүлнар Аманжолова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Ұсынудан кейінгі кезең тіркелу. Тіркелу үшін кандидаттар өзінің және жұбайының мүліктерін салықтық декларациядан өткізеді. Сонымен қатар сайлау жарнасын төлейді. Жоспар ойынша ұсыну 8-ақпан күні, тіркелу жұмыстары 18-ақпан күні 18.00 де аяқталады.

Тіркелген соң кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталады. Павлодарлықтар облыстық мәслихатда 32 депутат, ал мәжіліске 1 депуттаты сайлайды.

Жанасыл Серікбол