Әр азамат үшін Отан алдындағы әскери борышын өтеу абыройлы міндет. 5512 әскери бөлімінің 163 сарбазы ант қабылдады. Салтанатты шараға куә болған тілшіміз тарқатады.
Темірдей тәртіп, абыройлы міндет пен патриоттық рух. Павлодар қаласында еліміздің әр аймағынан жиналған жас сарбаздар әскери ант қабылдады. Бір ай бойы әскери оқу-жаттығу сабақтарынан өткен жауынгерлер, бір жылдық борышты абыроймен атқаруға қадам басты.
Аслан Оразалы, 5512 әскери бөлім командирінің орынбасары:
Әрбір сарбаз үшін есте қаларлық ерекше күн. Бұл күн тек қана әскер өміріне емес, жалпы азаматтық өмірінде есте қалатындай ерекше күн. Бөлімге Қазақстанның түкпір түкпірінен келген Жетісу облысы, Алматы облысы, Абай облысы, ШҚО, Астана қалаларынан әскери қызметшілер келген.
Әскерилер Павлодар қаласының ішкі тәртібіне атсалысатын болады. Сарбаздар қатарында болашағын әскери қызметте көретін азаматтар да бар.
Бекзат Шопан, сарбаз (Атырау қаласы):
Павлодар қаласы басында келгенде суық болды. Атырау қаласынан келдік. Армияға өз отан алдындағы борышымды өтеу үшін келдім біріншіден. Екіншіден осы жақта қызметте қалсам ба деймін. Алты айдан кейін.
Наурыз айынан жас сарбаздар үшін теориялық, тәжірбиелік сабақтар басталады. Олар дала лагеріне аттанып, онда 5 күндік жауынгерлік дайындықтан өтеді. Салтанатты шараға сарбаздардың ата аналары мен туған туыстары жиналды.
Мөлдір Сағидолла