Павлодар облысында 43 елдімекенді су басу қаупі жоғары. Өткен жылғы жағдайға талдау жасаған төтеншеліктер осылай деп отыр. Ондағы елдімекендерде 2 мыңнан аса тұрғын үй, 10 мыңға жуық адам бар. Бүгінде жергілікті атқарушы мекемелермен бірге қауіптің алдын-алу шараларын күшейткендерін айтады.
Павлодар облысы бойынша ақпан айын тұрақты деп бағалануда. Биыл қардың қалыңдығы да нормадан төмен. 15 сантимерт көлемінде. Негізі норма 17 сантиметр. Алайда, жауын-шашын мөлшері көп. Топырақтың қату тереңдігі де былтырғыдан терең. Бұл да су тасқынының негізгі себептерінің бірі.
Айжас Сабыржан, ТЖД төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының аға инженері:
Топырақтың қату тереңдігі былтырғы жылмен салыстырғанда көп. 139 сантиметрді құрайды. Былтырғы жылы бізде 119 сантиметр болған. Ақпан айы бойынша темперетура 14-16 градус шамасында күтілде. Жауын-шашынның көптігі темперетра күрт жоғарылаған жағдайда су басуға әкелуі әкелуі мүмкін.
Сондықтан, қазір қар шығару жұмыстары күшейтілуде. Энергетика және тұрғынүй комммуналдық шаруашығы басқармасы осы уақытқа дейін 900 мыңнан астам куб қар шығарылғанын жеткізді. Төтеншеліктер тарапынан су тасқыны қаупінің алдын-алу жолында бірқатар шаралар атқарылған.
Айжас Сабыржан, ТЖД төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының аға инженері:
Май ауданында Саты мен Ақшиман ауылдарының арасында 45-шақырымда қосымша су өткізу құбыры орнатылды. Ныфғайту жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, Аққулы ауданы Қазы ауылында су бұру арналарын тереңдету жұмыстары, Шарбақты ауданы Шегірен ауылының кіреберсіндегі су өткізу құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осындай жұмыс Ақтоғай ауданындағы Жолболды-Шілікті автожолының 11-шақырымында да атқарылды.
Айжас Сабыржан, ТЖД төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының аға инженері:
Облыс бойынша өткен жылдардағы су тасқыны кезеңіне талдау жүргізу барысында 43 елдімекен су басуға бейім. Ерекше бақылауға алынған.
Қырық үш елдімекеннің 17-сі Баянауыл ауданындағы ауылдар. Жалпы 600-ден астам техника, 2 мыңға жуық адам су тасқынын жоюға дайын деді төтеншеліктер.
Жанасыл Серікбол