Ерлан Аманқожаның «Құс қайтару» атты жыр жинағының тұсауы кесілді
Май ауданы
Май ауданында ақын Ерлан Аманқожаның жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. «Құс қайтару» атты кітапқа соңғы жылдары жазылған өлеңдер топтамасы енген.
Алдымен ақынның өскен ортасы туралы аз сөз. ҚХР Ілей аймағындағы өзі туған ауылынан Таңжарық Жолдыұлындай ақын шыққан, дәулескер күйішер өткен. Атасы да елге сыйлы көреген жан болыпты. Әжесінің ертегісін мен ескі сөзіне қанып өскен ол қағаз бен қаламға ерте ден қойды. Бұған дейін де жыр жинағын оқырманға ұсынған ақын қазіргі уақытта Көктебе ауылында мәдениет саласында еңбек етуде.
Ерлан Аманқожа, ақын, Май аудандық мәдениет үйінің қызметкері
Бұндағы елдің ықыласы, жердің киесіғ ажап қой. Қайса бақсы, Мақат қажы, Ақбалық хазірет, Малайсары батыр сияқты ұлылар мекені. Қаншама шежіреге толы жерлер бар. Абылай найза тіккен жер. Бұдан бөлек қаншама шежіреге толы ақсақалдар бар. Берекелі ауыл, берекелі аудан Май деген.
Жаңа кітаптың тұсаукесері Май аудандық мәдениет үйінде өтті. Алдымен аудан әкімінің құттықтауы оқылып, шапан жабылды. Өлеңді, өнерді құрметтеген өзге де жандар тартуларын атады. Артынша қазақ поэзиясының бүгінгі шоқтығы биік ақындары кітаптың тұсауын кесті.
Шум: тұсукесу 2960
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері
Мына «Құс қайтару» дене аты да ерекше екен. Бір тылсым бар сияқты. Арғы бабаларыңыздың ішінде бақсылар болған жоқ па? Күн жайлату дейтін болушы еді. Құс қайтаруда да бір тылсым жұмбақ тұрған сияқты.
Бұдан соң да аға буын өкілдері мен замандастары сөз алып, жаңа кітаптың жарыққа шығуымен құттықтай отырып, алдағы шығармашылығына сәттілік тіледі.
Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Ақын өлеңі бойынша қойылым ұсынылды. Қанаттас, қаламдас қостары өлеңдерін оқыды.