ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі студенттермен кездесті
Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР ғылым және жоғары білім вице министрі Динара Щеглова келді. Ол Марғұлан университетінде студенттермен жолығып, жоғары білім саласындағы өзгерістер мен мүмкіндіктер, жаңалықтары жайлы айтты. Сондай-а Президенттің соңғы жолдауындағы өзекті мәселер де сөз болды.
«Халықтық құрылыс» — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды мемлекеттік инфрақұрылымдық жоба. 2027 жылы ел бойынша құрылыс қарқыны артып, өңірлерде ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Оның басы қасында жүретін білікті мамандарды әзірлеу шаралары бүгіннен басталып кетті.
Тағы да, Жолдауда ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек. Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет, делінді.
Айжан Макишева, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы ППУ ұжымы вице минитсремен кездесу өткізді. Осы кездесу барысында ЖОО-ның даму барысы айтылған болатын. Мемлекте басшысы осы жылды жасанды интеллект, цифрлық даму туралы жылы деп атап өткен болатын. Солар туралы айтылған болатын.
Кездесу барысында ғылым мен жоғары білім саласындағы жаңашылдықтар, өзгерістер мен мүмкіндіктер де сөз болды.
Самал Қалиқызы