Негізгі Жаңалықтар Ауыл медицинасы жас кадрлармен толығуда

Ауыл медицинасы жас кадрлармен толығуда

Ертіс ауданы

Ауылдық жерлерде сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуы ең алдымен білікті мамандарға байланысты. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін дамытуға және осы сала қызметкерлерін қолдауға басымдық берілді. Ертіс ауданында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде аурухана ұжымы жас мамандармен толығып келеді.


Соңғы үш жылда Ертіс аудандық ауруханасына дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері жұмысқа қабылданған. Мәселен, әр учаскелік дәрігерге орта есеппен 1700 тұрғыннан бекітілген. Бұл аудан халқының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіштердің бірі.

Сұлтан Рүстемханов, Ертіс аудандық ауруханасының басшысы

2024 жылы ауруханаға 7 дәрігер келді. Олардың бесеуі жалпы тәжірибелік дәрігер. Төртеуі аудан орталығына орналастырылды. Бір дәрігер Голубовка ауылына, тағы бірі Панфилов ауылына жұмысқа барды. 2025 жылы тағы бір дәрігер келіп, аудан орталығындағы мамандар қатары толықты. Ал 2026 жылы төрт жас маман жұмысқа қабылданды. Бұдан бөлек, 2024 жылы 8 орта буын медицина қызметкері келді. 2025 жылы 9 маман, яғни медбикелер мен фельдшерлер жұмысқа орналасты. Биыл тағы 6 орта буын медицина қызметкері ұжымға қосылды.

Жас мамандардың қатарында елордада білім алып, еңбек жолын туған өңірден жырақтағы ауданда бастағандар да бар. Солардың бірі Жайдар Жарылқасын. Мамандығы бойынша ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, түрлі ағзалардың жағдайын анықтайды. Сондай-ақ ауданға қарасты ауылдарға барып, медициналық тексеруден өтуге мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Жайдар Жарылқасын, Ертіс аудандық ауруханасының сәулелік диагностика дәрігері

Ертіс аудандық ауруханасында узи түсірумен түскі уақытқа дейін. Түсткен кейін ренген, флюрография және мамаграфия суреттеріне талдау жасаймын. Основной мамандығым радиолог болғандықтан узиді де, ренген, КТ, мамаграфия, флюро барлығын қамтып оқудан өттім. Әртүрлі науқастар келеді. Тек жүрек пен тамырды түсірмеймін, қалған барлық сегменттерді түсіремін. Яғни, ішкі құрылысты, бүйрек, сүт бездері, қалқанша безі бәрін түсіремін. Менде жұмысым тек осы ауруханада шектелмейді. Мен басқа ауылдарға да выездной зерттеулермен барып тұрамын өзім.

Аудандық аурухана басшылығының айтуынша, соңғы жылдары кадр тапшылығы едәуір азайған. Үш жыл бұрын бүкіл аудан бойынша небәрі екі дәрігер жұмыс істеген. Қазір дәрігерлер құрамы қажетті нормативке сай толық жасақталған. Бұл ауылдық медицинадағы оң өзгерістердің бірі.


Сабина Жолдаспаева




Бөлісу