Жолдаудың маңызды тұстары пысықталды
Ақсу
Маңызды шешімдер тек елордада ғана емес, әрбір қалада нақты нәтижесін көрсетуі тиіс. Жаңа жолдар, жұмыс орындары, бизнестің дамуы. Президент Жолдауында айтылған бастамалардың қайсысы Павлодар облысы тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі? Толығырақ келесі сюжетте.
Ақсу қаласы үшін даму мәселесі жай ғана сөз емес. Өнеркәсіптік әлеуеті жоғары, кәсіпкерлік мүмкіндігі мол әрі географиялық орналасуы тиімді қала жаңа логистикалық бағыттардың маңызды буынына айнала алады. Алайда ол үшін тек жолдар ғана емес, бизнестің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін тұтас инфрақұрылым қажет.
Илья Теренченко, ҚР құрылтайының депутаты
Президент жолдардың 26 пайыздан астамы талапқа сай емес екенін атап өтті. Бұл кәсіпкерлік секторды дамытуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға және кәсіпкерлер үшін қажетті инфрақұрылым мен инженерлік желілерді тартуға мүмкіндік береді».
Дегенмен тұрғындарды тек бизнестің даму перспективалары ғана толғандырмайды. Кездесу барысында жалақы, құрылыс және электрмен жабдықтаудың сенімділігі мәселелері де көтерілді. Мұның бәрі халықтың нақты үмітімен байланысты. Өзгерістер отбасылық бюджетте, жұмыс орнында және күнделікті өмірде сезілуі керек.
Вера Ким, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі
«Павлодар өңірінің тұрғындарына Мемлекет басшысының Жолдауында қандай негізгі міндеттер қойылғанын, оларды жүзеге асыру тетіктерін және азаматтардың бұл үдерістерге қалай қатыса алатынын түсіндіру маңызды. Әр аудитория үшін өзекті бағыттар бар. Барлығын ең алдымен жалақының өсуі қызықтырады. Ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру шамамен 1,8 миллион адамды қамтиды. Бұл – бюджет саласының қызметкерлері. Сондай-ақ құрылысқа 6,5 триллион теңге бөлінген. 2027 жылға 2 триллион теңге қарастырылған. Электрмен жабдықтау мәселесі де маңызды бағыттардың бірі».
Кездесуге қатысушылар ауқымды жоспарлардың артында ең басты құндылық – адам тұрғанын атап өтті. Қала тұрғындары нәтижені ең алдымен өмір сүру жағдайының қаншалықты жақсарып, тұрмыстың қаншалықты қолайлы бола түскені арқылы бағалайды.
Ізбасар Мусинов, Ақсу қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы
«Жуырда Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауымен таныстық. Оның ерекшелігі – келесі жылдың халықтық құрылыс жылы деп жариялануы. Мұндағы барлық бастама адамға бағытталған. Ең төменгі жалақының 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтерілуі көп нәрсені аңғартады. Бұл халықтың әлеуметтік қорғалуына ықпал етеді».
Ақсу қаласында Жолдау төңірегіндегі әңгіме жалпылама пікірлермен шектелмей, жол сапасынан бастап, отбасылардың табысына дейінгі нақты мәселелерді қамтыды. Ендігі маңызды міндет – талқыланған жоспарлардың біртіндеп нақты іске айналып, тұрғындар күнделікті өмірінде сезінетін оң өзгерістерге ұласуы.
Самал Қалиқызы