Негізгі Жаңалықтар «Восточный» разрезінің жұмысшылары жолдауды талқылады

«Восточный» разрезінің жұмысшылары жолдауды талқылады

Екібастұз

Қазақстан Республикасы құрылтайының депутаты Жарқынбек Амантай Екібастұз қаласындағы «Восточный» разрезінің жұмысшыларымен кездесті. Ондағы мақсат – Президент жариялаған Жолдаудағы мақсат-міндеттерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 


28 қазанда жариялаған Президенттің Жолдауы - ерекше. Ерекше болатын себебі, жаңа Конституция қабылданғалы – жарияланған тұңғыш Жолдау. Құрылтай депутаттары «Восточный» разрезінің жұмысшыларымен кездесіп, Жолдаудың басты міндеттерін түсіндірді.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР құрылтайының депутаты

Жолдауда бүкіл сала қамтылды. Әлеуметтік, инфрақұрылым. Ол халықтық мәселе қарастырылып жатыр. 118 млн шаршы метрден астам баспана салғанбыз. Сол қиын кездері келіп, елдің ішінде болғанбыз.

Біздің қоғамда түрлі инфрақұрылымды салу үшін, қала өсу үшін энергия қажет. Осыдан тағы бір мәселе туындайды, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуіміз керек, деді депутат. 

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР құрылтайының депутаты

Осы энергетикалық тәуелсіздікке жетуге Балқаштағы атом электр станциясы. білесіздер дата орталық салынып жатыр. Бұл да энергеияны қажет етеді. Ал, Екібастұзда осы қордың бәрі бар.

Бұл ретте кәсіпорын мамандары спикерлерге сұрақ қойып, өзара пікіралмасуға мүмкіндік алды. 

Бұдан бөлек, кездесу барысында жалақы, кәсіпкерліктегі жеңілдіктер, кен орындарын барлау жайлы да айтылды. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу