Павлодар қаласының әкімі тұрғындармен кездесті
Тақырыпты жалғастырамыз. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығының тұрғындарымен кездесті. Олар көше жолына асфальт төсеу және жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін көтерді.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
(ӘЙЕЛ):Міне, мәселені өз көзіңізбен көруіңіз үшін суреттер түсіріп әкелдік. Instagram желісіне де видео жібергенбіз. Көктемде, күзде жаңбыр жауған кезде көшеде жүру мүмкін емес.
(Хасар Хабылбеков): Биыл ауа райына байланысты көшеге асфальт төсеп үлгермейміз. Бірақ осы аптада жолға қиыршық тас төсейміз. Грейдер техникасын әкеліп, топырақтың үстіңгі қабатын алып, қиыршық тас төгіп, нығыздаймыз. Ал 2027 жылы көшеге асфальт төселеді. Бұл жұмыстарды бір апта ішінде атқарамыз.
(ӘЙЕЛ):Алтай көшесінде жаңбыр жауған кезде судың деңгейі көшенің ортасына дейін көтеріледі.
(Хасар Хабылбеков):Келесі жылы бұл аумақта жергілікті су бұру жүйесін орнатуды жоспарлаймыз. Алтай және Щедрин көшелерінің қиылысында су үнемі жиналатынын білемін. Бұл мәселені назарға алып, аумақты тексереміз.