Негізгі Жаңалықтар Қызылқақ ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Қызылқақ ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Ертіс ауданы


Ертіс ауданындағы Қызылқақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – еліміздегі 310-шы ерікті өрт сөндіру құрылымы. Бұл нысан 260 тұрғыны бар ауылды өрттен қорғайды.


Ғимарат ішінде диспетчер бөлмесі, тынығуға және ас ішуге арналған орындар, сондай-ақ қажетті санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар бар. Мұндағы жылу жүйесі қатты отынға негізделген, ал ауызсу орталықтандырылған желіге қосылған.

Нұржан Усин, шаруа қожалығының басшысы

Ауылдың өрт қауіпсіздігі бұдан былай берік бақылауда болатынына кәміл сенеміз. Бізге арнайы өрт сөндіру көлігі де табысталды. Бұған дейін тілсіз жау оқиғалары жиі тіркеліп, техниканың жетіспеушілігі қатты білініп еді. Енді міне, өз бекетіміздің ашылғаны бәрімізді қуантып отыр».

Асқарбек Омаров, Павлодар облысы ТЖД жоспарлау және жедел бақылау басқармасының бастығы

Аталған бекет тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтып, төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың оқиға орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартады. ТЖ департаменті бұл бөлімшені қызметке қажетті барлық құрал-жабдықпен, соның ішінде автоцистернамен, арнайы жауынгерлік киімдермен және байланыс құралдарымен толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ бекетте еңбек ететін жергілікті тұрғындар арнайы дайындық курстарынан өтіп, кез келген төтенше жағдайға дереу көмек көрсетуге сақадай сай тұр.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан бірқатар азамат Павлодар облысы ТЖ департаментінің марапаттарына ие болды. Айта кетейік, қазір өңірде осындай 14 бекет жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 16 жаңа бекетті ашу және қолданыстағы 17 нысанды заман талабына сай жаңғырту жоспарланып отыр.



Жұлдыз Қабылденова








Бөлісу