Павлодар қаласының әкімі зауыт жұмысымен танысты
«Қала жаңалықтары» айдарында облыс орталығында болып жатқан оқиғалар туралы баяндаймыз. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков салынып жатқан май экстракциялау зауытына барып, құрылыс жұмыстарының барысымен және кәсіпорынның алдағы жоспарларымен танысты.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 500 тонна шикізат өңдеуге жетеді. Кәсіпорында 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта әкімшілік ғимарат пен қоймалар салынып, қажетті техникалар сатып алынған. Өнім өткізудің негізгі нарықтары ретінде Қазақстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Үндістан және Өзбекстан қарастырылған. Алдағы уақытта өнім құю желісін іске қосу және құрама жем зауытын салу да жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асуы қала өнеркәсібінің дамуына тың серпін беріп, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.