Жазушылар Одағының Павлодар филиалында қаламгерлер бас қосты. Онда өңір әдебиетінің даму бағыты, өзге өңірлермен әдеби байланысы жайлы өзара пікір алмасты. Соңғы жылдары Жазушылар Одағына мүше керекулік қаламгерлер саны артуда. Бұл жиын барысында да аталмыш үрдіс жалғасып, белгілі публицист, прозашы Александр Вервекин ресми түрде Одақ мүшелігіне қабылданды.

Қаламгерлік қасиетті миссия. Дөңгелек үстелге бас қосуға келген аға және жас буын өкілдерінің баршасы осы ойды қуаттайды. Қай уақыт болмасын кітап адамның ақылшысы, шамшырағы болып қала бермек. Дөңгелек үстел барысында ақсақал жазушылар мен жас қаламгерлер өзірі пікір алмасты. Әдебиеттің алдағы дамуындағы бағыт-бағдар жөнінде ойларын ортаға салды.

Жарқынбек Амантай, Қазақстан жазушылар одағы павлодар филиалының басшысы

Кезекті бас қосу іс-шарасы. Осы шараның аясында біз өңірімізге белгілі қаламгер Александр Вервекинді мүшелікке қабылдамақпыз. Бұл азамат Одақтағы сыншылар қауымына да белгілі екен. Бұған дейін төрт кітабы шыққан. Жалпылама жинақтарға енген.

Алексанр Вервекин өлкетану бағытында біршама жұмыстар атқарған. География үйін құрып, тарих пен өлкетану, жағрафия бағытыныңдағы зерттеу жұмыстарының дамуына ат салысқан. Соңғы уақытта проза, драматургия жанрларында еңбектенуде.

Александр Вервекин, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

Қазір әдебиет үшін де, өнердің өзге салалары үшін де қиыншылығы мол уақыт. Адамдарға мейірімділік пен ізгіліктің, жақсы мен жаманның не екендігін қайтадан түсіндіретін кезең болып тұр. Әлем қайтадан соғыс қатеріне ұрынып отыр. Сондықтан, әдебиеттің алдында адамның адам екендігін, бір-бірін құрметтеу керек екендігін түсіндіру миссиясы тұр.

Алдағы уақытта Александр Вервекиннің ат салысуымен тарихи жиһаргерлік жайлы, сонымен қатар, өткен онжылдықтарда өңірімізде болған табиғи және техногендік аппаттар жайлы кітап жарыққа шықпақ. Балаларға арналған бірқатар еңбектер де дайындалу үстінде.

Жанасыл Серікбол