Шапық Шөкин атындағы мектеп-лицейінде жас журналистер клубы жұмыс істеп тұр. Мұндағы мұғалімдер оқушыларды мәнерлеп оқуға, сауатты жазуға және қоғаммен қарым-қатынас орнату дағдыларына үйретеді. Әріптесім жас тілшілердің сабағына қатысып қайтты.

Жас журналисттер клубына 5-9 сынып оқушылары қатысады. Жыл сайын болашақ тілшілер журналистермен және қаламыздың көрнекті тұлғаларымен кездесу өткізеді. Тіпті шығармашылық сапарлар да ұйымдастырылады. Мәселен, жақында оқушылар Алматы қаласына барып қайтты. Балалар ақын-жазушылармен жүздесіп, мол тәжірибе жинақтады дейді, клуб оқытушысы.

Дидар Жайықбаева, оқытушы:

Ұйымдастыру бойынша әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ бізде күзгі демалыста оқушылармен бірге өздерін журналист ретінде сезініп, Алматы қаласына барып келді. Сол Алматы қаласында Қастеев мұражайна барып, түрлі ақын-жазушыларымыз, әртістеріміз сұрақ қойып, өздерін журналист ретінде сезінді.

Клуб жетекшілері журналистің кәсібі өте күрделі, білім мен тыңғылықиы дайындықты қажет ететіндігін атап өтті. Сондықтан жас журналисттерді қазірден-ақ негізгі дағдыларға жаттықтыру маңызды.

Светлана Чистякова, журналист:

Біз әріптестерімізбен үнемі кездесулер өткізіп тұрамыз. Балаларға әрқашан көмек беруге дайынбыз. Себебі оқушылар өте белсенді. Балалардың да қызығушылығы мол. Қандай іс-шара болмасын, 9-мектепті үнемі алдынғы қатарда көреміз.

Елена Вайберт, журналист:

Мұның бәрі не үшін қажет? Балалар журналистикасы-жасөспірімді әлеуметтендіру тәсілі. Бұл әлемді ашатын, әртүрлі қызықты адамдармен таныстыратын әрекет. Сондай-ақ, бұл жастарға кәсіби бағдар.

«Жас журналситер» клубына мүше балалар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады. Сұрақты дұрыс қоюды, сондай-ақ өлең, жазба, тіпті кітап жазуды үйренеді.

Айлана Саттыбаева, оқушы:

Мен журналист болғым келмейді. Менің мақсатым режиссер-сценарист болу. Болашақта сценарийлер жазып, сол бойынша фильмдер түсіремін.

Қоғамда ақпараттық саланың алар орны ерекше. Сондықтан мұндай кездесулер болашақ қаламгерлердің шыңдалуына мол мүмкіндік.

Ақмаржан Қалымбек, Евгения Мягченко