Павлодарлық мүсінші Шолпан Сәдуова шыныдан түрлі бұйымдар жасайды. Шебер шыны қалдықтарымен қазақтың ұлттық мұрасын дәріптеуді қолға алған. Ең ауқымды жұмыстарының бірі 3,5 метрлік қобыз мүсінің туған жері Шарбақты ауданына тарту еткен. Шыныдан қаланған ғажап туыныларымен тілшіміз танысып қайтты.

Павлодарлық қолөнерші Шолпан Сәдуова 20-жылдан аса уақыт шыны қалдықтарынан түрлі заттар жасайды. Өнер иесі көбіне ұлттық нақыштағы бұйымдарға баса назар аударады. Мәселен, бесік, домбыра, қобыздың түр-түрін ойлап тапқан. Қазіргі уақытта 2,5 тоннадан тұратын 3 метрлік қобыздың мүсінін жасау үстінде. Қолөнершінің туындылары ашық аспан астына қойылады. Шыны мүсіндері де ауа райының ыстық, суығына төзімді. Мәселен бұл қобыздың мүсінін бір ай көлемінде құрастырған.

Шолпан Сәдуова, қолөнер шебері:

Шыны деген бұл өмірдегі ең қатты қалдық. Темір 300 жылда шіріп кетеді. Миллион жылда шірімейді шыны. Көбіне мен Қазсқатнның құмынан аламын. Майскийдың жерінде ғажап құмдар бар. Мынау әйнектің шынысы қалдық. Мыналар қоңыр бутылға, мынау авто фаралар. Керек шыныны жасадым.

Шебер туған елінің көркем жерлерін шыны бетіне бейнелегенді ұнатады. Ерекше жұмыстарының бірі - Павлодарлық тұрғындардың сүйікті мекеніне айналған Ертіс жағалауы.

Шолпан Сәдуова, қолөнер шебері:

Мынау Ертістің суы. Өзіме сондай ой келді. Мына жерде бос тұрмасын деп. Мынау күннің Ертістегі.

Шыны сыммен өріледі. Қауіпсіздік үшін бұл аса маңызды дейді. Ал, мұндай ауқымды мүсіндерді жасап шығару үлкен төзімділікті талап етеді. Арнайы пештің көмегімен мүсіндер мен қатар қонақ кәде, тіпті, тұрғын үйге қолданылатын заттарды жинаған.

Қолөнер шеберінің саз балшықтан жасаған жұмыстарын да көзіміз шалды. Бұл Абай Құнанбаевтың портретін ұлы тұлғаның 140 жылдығына арнайы жасаған екен. Шебердің жұмыстары әлемнің түкпір түкпіріне тараған. Ал, ұстаз Шолпан Сәдуова шыны жұмысының технологиясын, қыр сырын студенттеріне үйретіп, жаңа жұмыстарды жүзеге асыруды қолға алып жатыр.

Мөлдір Сағидолла