• Павлодардағы балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 59 бала тұрып жатыр. Ата-аналар әр түрлі себептермен туған балаларын осы жерге тапсырады. Ал, жазықсыз сәбидің тағдыры әрмен қарай қалай өрбиді? Қателескен ата-ана бұл жерге қайтадан келіп, баласын бауырына баса ма?

Бұл жерге тапсырылатын баллар саны 2021 жылдан бері біртіндеп азайып жатыр. Бұндағы сәбилер саны жыл сайын әр түрлі санға өзгеріп тұрады. Мысалы, өткен жылы 64 бала келіп, 68 бала кеткен. Кейбірі өз ата-аналары алып кетсе, кейбірін өзге отбасылар асырап алады. Қалғандары 4 жастан асқан соң басқа мекемелерге ауыстырылады.

Бағдат Кембаева, облыстық балалар үйінің басшысы:

Төрт жасқа толған балалар отбасы үлгісіндегі тәрбие үйіне ауысады. Мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік-медициналық мекемелерге жіберіледі.

Халық арасында кіштентай сәбилерді қамқорлыққа алған дұрыс деген пікір бар. Десе де бұл қате пікір. Әр отбасының таңдауы да әр түрлі. Бала таңдау кезінде ескеретін тағы бір жағдай, балалар үйіндегі бауырларды бірі-бірінен ажыратпай бәрін де бірден қаморлыққа алған дұрыс.

Бағдат Кембаева, облыстық балалар үйінің басшысы:

Өткен жылы бізге басқа облыстан бір отбасы келді. Бізде ағалы-қарындасты екі бала тұрды. Ал, үлкен ағалары отбасы үлгісіндегі мекемеде тұрып жатты. Әлгі отбасы үшеуін де алып кетті. Бізде көпбалалы отбасылардың балалары да бар. Мәселен, алты баласы бар ананы ата-ана құқығынан айыру туралы сот жүріп жатыр. Егер алты ағайынды баланы асырап алғысы келетін отбасылар болса біз әрқашан қуаныштымыз.

Мамандардың айтуынша, әр түрлі жастағы ата-аналар баладан бас тартады. Ересектері де болады. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі, баспананың болмауы да балалардан бас тартуға себеп. Жас қыздар жақындарының қолдауын көре алмағандықтан осындай қадамға барады. Әр түрлі паталогиямен туған балалардан да бас тартып жатады. Ондай балаларға бұнда барлық жағдай жасалған.

Бағдат Кембаева, облыстық балалар үйінің басшысы:

Бізде медициналық қызметкерлер, педиатор дәрігер, реаблитолог, невропатолог дәрігерлер мен медбикелер жұмыс істейді. Физио, массаж, спорттық-сауықтыру кабинеттері бар. Екпені өзіміз істейміз. Яғни, балларға қажетті медициналық көмектің барлығын көрсетеміз. Өзге де медициналық мекемелерге емдеу үшін жіберіп тұрамыз.

Бұл жерге қиын-жағдайға тап болған отбасылар балаларын уақытша тапсыруына да болады. Балалараға барлық қаморлық жасалады. Қажетт іқызметтер көрсетіледі. Алайда, ананың ыстық құшағы мен аялы алақанын ешкім алмастыра алмасы анық.

Жанасыл Серікбол, Валентина Диденко