«Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер». Негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру жұйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындап, кадрлар даярлау.
Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
Павлодар облысының білім беру саласы сапалы білім беру саласына бағытталып отыр. Көптеген өзгерістер жүріп отыр. Тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Осындай мәжілісті өткзіуде кездейсоқ жағдай емес. Бұл өзке зегінде кәсіби мамандарды даярлауға ықпал беретіні сөзсіз.
Шараның алғашқы жартысы пленарлық бөлімнен тұрды. Оған 1000-ға жуық адам онлайн, 350 адам офлайн түрде қатысты. Екінші бөлім практикалық бағытта өтті. Оның аясында қонақтар Павлодардың 10 колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысуға мүмкіндік алды.
Назымжан Оспанова, ҚР оқу-ағарту министрлігінің директоры:
Мен сіздерді бүгінгі шараға белсенді қатысуға шақырамын. Себебі сіздердің пікірлеріңіз нормативті құқықтық актілерді дайындауда маңызды. Биылдан бастап жаңа оқыту бағдарламалары енгізіледі. Оны Алтынсарин орталығы іске қосып жатыр. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін сіздер 180-ге жуық оқулықты мемлекеттік тілде аласыздар.
Жалпы шара ҚР Оқу ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған еліміздің төрт облысынан басқарма басшылары, колледж директорлары мен педагогтер қатысты.
Серік Дәкенов, техникалық колледждің басшысы:
Осы пленарлық секцияға төрт облыс қатысып отыр. Абай, Қарағанды, ШҚО, Абай облысынан өкілдері келді. Өткен жыл қорытындыланып, келер жылға жоспар құрылады. Бұл біздің облыста өтіп жатыр біздің жетістіктеріміз деп айтуға болады.
Айта кетейік, бүгінгі шара жаңа оқу жылы басында өтетін тамыз кеңесіне дайындық ретінде өтті.
Самал Қалиқызы