Елімізде 3 айға пияз эскспортына тыйым салынды. Бұл шешімді ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствоаралық комиссиясы қабылдады. Бұған қарамастан Павлодар облысынан Ресейге 200 тоннаға жуық жуа шығарылмақ болған.
Азиядағы ең ірі пияз өндірушілердің бірі Пәкістандағы су тасқыны өнімге сұранысты арттырды. Заңсыз экспортқа байланысты елімізде сырт мемлекеттерге пияз тасымалдауға тыйым салынды.
Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:
Аз уақыт ішінде Павлодар облысының Мемлекеттік кірістер органдары 5 млн астам сомаға 200 тоннаға жуық пиязды еліміздің аумағынан Ресейге әкетуіне тосқауыл болды.
Айта кету керек, бүгінде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, ағаш материалдарын, ірі қара малды, қой мен ешкіні, сондай - ақ автокөлікпен дизель отынын, бензин мұнай өнімдерінің кейбір түрлері мен тас көмірдің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Осыған байланысты автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.
Ақмаржан Қалымбек, Мұрат Әбілмәжіт