Ақсу қалалық орталықтандырылған кітапханасында Иманжүсіп оқулары өтті. Әйгілі ақын, композитордың 160 жылдығына арналған шараға 7 мен 11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Жасөспірімдер ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлер оқып сайысқа түсті.
Иманжүсіп Құтпанұлы қазақ тарихындағы белгілі тұлғалардың бірі. Әнші, ақын, композитор. Әрі балуандығымен де аты шыққан. Ғұмырында әділетсіздікке қарсы тұрып, әлсізге қорған болған мінезімен халықтың ықыласына бөлене білді.
Гүлжан Нұрғалиева, Ақсу қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкері:
Иманжүсіп Құтпанұлы біздің, осы жердің тумасы батыр, әнші, композитор, балуан. Біздің кітапханада ол ақынның шығармалары бар. Сондықтан, бүгінгігі іс-шара 160 жылдығына арналып отыр.
Шара мақсаты – өскелең ұрпақты, әділетсүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынады.
Светлана Қондыкерова, әділқазы алқасының мүшесі:
Шәкірттер өздері оқып тұрғна өлеңнің мән-мағынасын түсініп, соны бойларына сіңіріп, содан өздері үлгі алса екен. Тіл байлығына қараймын. Дауыс екпіні, мәнерлеп оқуына. Иманжүсіп жерлесіміз болғандықтан, көптеген әдеби кештер, ауылда да, қалада да өтіп жатады.
Қатысушылар ақынның тағдырлы, рухты өлеңдерін жатқа оқып, ақын ғұмырынан сыр шертті.
Көркемсөз оқу сайысына Ақсу ауылдық аймағының Еңбек, Береке, Қалқаман сияқты ауылдарынан да оқушылар ат салысты. Жасөспірімдердің барлығы да Иманжүсіп жырлары айрықша рух пен жігерге толы екендігін айтады.
Аяулым Болатова, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы:
Өте ұнады. Кейбір өлеңдерінде әдеби сөздер бар. Мен оқыған өлеңінде өкінішпен айтып отырған сияқты.
Айжарқын Қайратбек, Үштерек ауылдық мектебінің оқушысы:
Бізде ауылда болды сайыс. Іріктеуден өткен балалар қалаға келді. Мен Иманжүсіп Құтпанұлының оқуларына бұрын да қатысқанмын. Сонымен қатар, Абай, Мұқағали, Мұхтар Әуезов оқуларына да қатысып жүргенмін.
Әйгілі тұлғаның шығармашылығын насихттау мақсатында Ақсу қаласында мәдени-көпшілік іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіледі.
Жанасыл Серікбол